Дұғалардың төресі. 1. Ей,  Алла! Сенен тілектердің қайырлысын, дұғалардың қайырлысын , табыстардың қайырлысын, білімнің қайырылысын, амалдың қайырлысын, сауаптың қайырлысын, өмірдің қайырлысын және өлімнің қайырлысын сұраймыз!  Өзімізді тұрақты, таразымызды салмақты, иманымызды шынайы, дәрежемізді биік, намазымызды қабыл қылғайсың! Күнәларымызды кешіріп, Жәнаттың жоғары орнын нәсіп еткейсің! 2. Ей, Алла! Мені осы Құран арқылы мейіріміңе бөле, әрі оны маған жетекші, жарық беруші, жолбасшы және мейірім ете көр!  Ей, Алла! Одан ұмытқанымызды есімізге салғайсың, онымен білмегендерімізді үйреткейсің, оны бізге күндіз-түні оқуды нәсіп еткейсің және оны бізге өзімізді  жақтайтын айғақ қылғайсың, ей Әлемдердің Раббысы! 3. Ей, Алла! Бізге кешірілмеген күнә, тарқамаған уайым-қайғы, төленбеген қарыз және дүние-ақырет қажеттіліктерінен өтелмеген бірде-бір қажеттілік қалдырмағайсың! Ей, Мейірімділердің ең Мейірімдісі! 4. Ей, Алла! Бізді жалқаулықтан, қорқақтықтан, сараңдықтан, қаусаған кәріліктен, қатыгездіктен, қаперсіздіктен, мұқтаждықтан, қарызға батудан, қорлықтан, кедейліктен, күпірліктен, пасықтықтан, араздықтан, екіжүзділіктен, әрі өзгелерді естуі үшін, әрі көруі үшін амал қылудан сақтай гөр! Адамдардың масқаралауынан, қинауларынан, әділетсіздік жасауларынан, басымдық етулерінен сақтай көр. Ей, Алла біздің бұрынғы жасалған дұғаларымызды, келер дұғаларымызды, осы аралықта жасаған дұғаларымызды қабыл етші. Амин #қадыртүні #ораза #аллаұлық

Теги других блогов: ораза қадыртүні аллаұлық